Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қатысты конференция болып өтті

Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарының қорытындысы» атты конференциясы болып өтті.

Аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласының әкімдігі бірлесе отырып ұйымдастырған.

Конференцияға Алматы қаласының жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының басшылары мен қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш конференцияда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы жол картасының орындалуы бойынша және Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспарының іске асырылуы бойынша 2015-2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын қорытындылады.

Конференция барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары – Мұрат Дәрібаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы – Айгүл Байханова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәкімжан Бишманов, «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі – Асқар Әскеров өз баяндамаларын жасады. Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспарының іске асырылуы бойынша 2015-2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, оның деңгейін төмендету, алдын алу, болдырмау, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы тармақтарының жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың, білім, денсаулық, әлеуметтік, кәсіпкерлік салаларында орындалу барысы жөнінде жан-жақты талқыланды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған ҚР стратегиясының 2015-2017 жылдарға арналған үш жылдық Кешенді жоспары қабылданған болатын. Бүгінгі жиында біз үш жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылайтын боламыз. Соңғы жылдарда қаламызда сыбайлас жемқорлықтың деңгейі едәуір төмендеген», — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Байханова Айгүл Бейбітбайқызы.

Жиын соңында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспарының жобаларындағы байқаулардың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді.

«Қамшы» сілтейді

Posted in Новости.