Әлеуметтік жоба ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры гранты аясында Ақтөбе облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау жұмыстарын осы жылдың 12-шы тамызында қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып өткізіледі.
Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.

Оқыту курсын жүргізеді:
- Теолог, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры – Сабдин Асқар Калимжанович;
- ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры – Абзелбаев Мұрат Назтаевич;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның аға оқытушысы, PhD доктор Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы
Күні және уақыты: 2020 ж. 12 тамыз, 09.00-18.00 сағ.
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Zoom программасы.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +7 708 523 83 44 немесе bkm25@mail.ru.
Сонымен қатар біздің ресми сайтымызда www.antiterr.kz және #qogamgov, #cisc2020 хэштегі арқылы.