«Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры ағымдағы жылдың 21 қараша айында «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранттық жобасын іске асыру бойынша қорытынды презентациясын өткізді.

Бұл жоба ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Жоба осы жылдың наурыз айынан қараша айына дейін жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы осы жоба аясында қандай іс-шаралар өткендігі жайлы барлық ақпараттарды берді. Әлеуметтк жоба аясында Көпшілік алдында сөйлеудің негіздері (Әдістемелік нұсқау), Дәрістер жинағы, «Инновационные методы профилактической и адресной работы с целевыми группами» атты кітапшалар жасалды.

Еліміздің 17 облысында, оның Қарағанды, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарына барып оқыту курсын жүргізсе, қалған облыстарына онлайн түрінде лекциялар өтілген болатын. Жалпы еліміз бойынша 1332 ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері қайта дайындаудан өтті. Оның 85 — іне АТТ мүшесі ретінде куәлік берілсе, 1152 — не сертификаттар таратылды.
Қорытынды презентация ZOOM платформасында өткізілді, оған 78 адам қатысты. Олар: ҚР АҚДМ ДІК, АБҚО, аудандық ДІБ, ҮЕҰ, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, АТТ мүшелері, эксперттер. #qogamgov , #cisc2020