«Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында Петропавл қаласының ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын осы жылдың 24 маусымында өткізеді. Бұл әлеуметтік жоба ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып оқыту курсы жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.
Оқыту курсын жүргізеді: Теолог, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры – Сабдин Асқар Калимжанович, ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры – Абзелбаев Мұрат Назтаевич, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы.
Күні және уақыты: 2020 ж. 24 маусым, 09.00-18.00 сағ.
Өткізілетін орны: Петропавл қаласы, Конституция к., 59 үй
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +7 701 715 01 96 немесе bkm25@mail.ru.
Сонымен қатар біздің ресми сайтымызда www.antiterr.kz және #qogamgov, #cisc2020 хэштегі арқылы.