Шығыс Қазақстан облысы бойынша пресс-анонс

«Қазақстан Республикасындағы терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында  Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау жұмыстарын осы жылдың 22  қыркүйегінде өткізеді.

Бұл  әлеуметтік жоба  ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  қолдауымен қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып оқыту курсы жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу. 

Оқыту курсын жүргізеді:

  • Теолог, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры  –  Сабдин Асқар Калимжанович;
  • ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры  –  Абзелбаев  Мұрат Назтаевич;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және  экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы;
  • Филос.ғ.д., профессоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және политология факультетінің деканы –Масалимова Алия Рмгазиновна.

          Күні және уақыты: 2020 ж.  22 қыркүйек, 09.00-18.00 сағ.

          Өткізілетін орны: Zoom программасы. Онлайн-оқыту курсына сілтеме https://us02web.zoom.us/j/82834157261?pwd=OEE4NmJEOEpJbkZUQnpXN2xVMlJGZz09

          Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +7 708 523 83 44 немесе bkm25@mail.ru. 
Сонымен қатар біздің ресми сайтымыздан www.antiterr.kz және #qogamgov, #cisc2020 хэштегі арқылы. 

Posted in Новости.