«Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында Жамбыл облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын осы жылдың 3 қарашада өткізеді.
Бұл әлеуметтік жоба ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып оқыту курсы жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.
Оқыту курсын жүргізеді:
- Теолог, исламтанушы, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры – Сабдин Асқар Калимжанұлы;
- ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры – Абзелбаев Мұрат Назтайұлы;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филос.ғ.д., профессоры, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі– Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы.

Күні және уақыты: 2020 ж. 3 қараша, 09.00-18.00 сағ.
Өткізілетін орны: Zoom платформасы. Онлайн-оқыту курсына сілтеме
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +7 708 523 83 44 немесе bkm25@mail.ru.
Сонымен қатар біздің ресми сайтымыздан www.antiterr.kz және #qogamgov, #cisc2020 хэштегі арқылы.