Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту курсы басталды

2018 жылдың 7-9 тамыз аралығында «Жетісу» қайырымдылық қоры мекемесінде Алматы облысы дін істері басқармасы, «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Талдықорған өңіріне қарасты мешіттердің имамдарына 3 күндік оқыту семинары бастау алды.


Діни экстремизм мен терроризм мәселелерін алдын алуға бағытталған оқыту курсы барысында Талдықорған өңірінің өкіл имамы, орталық «Иман» мешітінің бас имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан дінтанушылар конгресінің төрағасы Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Затов Қайрат Айтбекұлы, Талдықорған өңірінің 1 наиб имамы Өкен Шынарбек, дінтану PhD докторы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы, ҚР ҰҚК академиясының қыметкері Шоманов Болат Шаймолданұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Билялова Гульмира Қайсарқызы 3 күн көлемінде діни экстремизм мәселелері, терроризммен күресу әдістері, жат ағымдардың таралуына жол бермеу, әлеуметтік желіде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тақырыптарында дәрістер оқылады.

Семинардың соңында имамдарға оқыту курсынан өткендігін растайтын сертификат табыс етіледі.

Posted in Новости.