«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты өткен 3-күндік семинар өтті

2018 жылдың 10-12 тамыз аралығында Алматы облысы Дін істері басқармасы мен «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен имамдарға «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты өткен 3-күндік семинар өтті.

Діни экстремизм мен терроризм мәселелерін алдын алуға бағытталған оқыту курс жұмысына Алматы өңірінің өкіл имамы, облыстық «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан дінтанушылар конгресінің төрағасы Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Затов Қайрат Айтбекұлы, дінтану PhD докторы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы, ҚР ҰҚК академиясының қыметкері Шоманов Болат Шаймолданұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы күн көлемінде діни экстремизм мәселелері, терроризммен күресу әдістері, дәстүрлі дін және оның лаңкестікке қарсы тұрудағы рөлі, дінаралық татулық -өркениетті қоғамға нық қадам тақырыптарында дәрістер оқылды. Семинардың соңында имамдарға оқыту курсынан өткендігін растайтын сертификат табыс етілді.

Posted in Новости.