Әлеуметтік жоба ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қоры гранты аясында Шымкент қаласының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау жұмыстарын осы жылдың 4-ші тамызында қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып өткізіледі.
Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.









